Балаларға арналған «КҮНШУАҚ» сайты

Балалардың тілдерді үйренуіне ықпал ете отырып, сапалы білімге қол жеткізуін қамтамасыз ету, тіл байлығын арттыру, ой-өрісін дамыту, қазақ халқының рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке және отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында «Күншуақ» атты балаларға арналған тілдік сайт ашылды.

Сайт – «Сіз білесіз бе?», «Тілашар», «Тіл дамыту», «Білгенге маржан», «Салт-дәстүр – асыл қазына», «Алтын сандық», «Өнерліге өріс кең», «Менің Отаным – Қазақстан», «Біз осындаймыз», «Тәрбие тал бесіктен» рубрикалары арқылы балалардың тілдік машықтарын, ақыл-ойын дамыту, дүниетанымын жетілдіру бағытындағы танымдық-көпшілік сипаттағы құрал ретінде қызмет ететін болады.

Кішкентай балапандарымыздың қоғамда ойып орын алар - тұлға болып өскенін қаласаңыз біздің танымдық сайтпен бірге болыңыздар.