Мақал-мәтелдер

Достық туралы мақал-мәтелдер
Дос — ажарың, жолдас — базарың.
Азаматпен дос бол, қадіріңді біледі.
Айрылғысы келген дос аяулыңды сұрайды.
Айрылар дос ердің артқы қасын сұрайды.
Айрылмастай досыңа қайрылмастай сөз айтпа.
Айтулы достың малы бір, кемедегінің жаны бір.
Алыстағы досыңа ат берсең де жарасар — үйіне мініп барсын деп. Жақындағы досыңа хат берсең де жарасар — ұмытса есіне алсын деп.
Ауыр сөз айтқан дос емес. Босқа бергенше досқа бер.
Бір пайдадан кешкен мың кісімен дос болады.
Дәмді болса - достық қымбат, Мәнді болса - жастық қымбат.
Дос — ажарың, жолдас — базарың.
Дос басқа қарайды, дұшпан аяққа қарайды.
Дос бергеннің түсіне қарама.
Дос болмас сыртта жүріп мақтамаса, бірін-бірі жамаңдықтан сақтамаса
Дос болсаң берік бол, досыңа серік бол.
"Дос" деп сынамай сыр айтпа, достың да досы бар.